Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың атааналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына
білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында
тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім
алушының жеке өтініші не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды
өкілдерінің өтініші, сондай-ақ негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі
құжатының негізінде жүзеге асырылады. Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.