Текст
8-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында дүкенге барды.
Оқушылар сатушы мамандығымен танысып, бұл жұмыстың мұқияттылықты, қарым-қатынас мәдениетін және жауапкершілікті қажет ететінін білді.
Мектеп оқушылары сұрақтар қойып, тауарлардың қалай орналастырылатынын, бағалардың қалай белгіленетінін бақылап көрді.
Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандық туралы ойлануға және әр кәсіптің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге көмектеседі.