15.03.2023
2023 жылдың 06 наурыз күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Волгодоновка ауылындағы клубта 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аршалы аруы-2023» байқауы болып өтті. Үміткерлер 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады.Аудандық шараға жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларынан 9-11 сынып оқушыларынан 11 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.Сәлемдесуден басталған сайыста қыздардың өздерін таныстыруы сынға салынса, төл тарихымыздан және қазақтың салт –дәстүрлері бойынша қойылған сауалдардарға жауап іздеп, мақал –мәтел айтудан жарысты. Бұдан соң өнерпаздар мың бұрала билеп, ән мен жырдан шашу шашты. Қазылар алқасы он саусағынан бал тамған аспаз қыздар пісірген тағамдардан дәм ауыз тиіп, арулардың аспаздық өнеріне баға берді.Байқау қорытындысында ІІ орынды Анар станциясының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Макуха Елизавета, И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Рисбаева Назерке иеленсе, ІІІ орынды Ақбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Аринова Аружан, Волгодон ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Бекмұрат Мәншүк қанағат тұтты.
Сонымен қатар «Сымбатты ару» номинациясымен Михайловка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Аманжолова Дариға, «Инабатты ару» номинациясымен Абай атындағы Бұлақсай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Каден Айдана, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Жалтыркөл ауылының негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мейірхан Аида, «Көктем аруы» номинациясымен Б.Тналин атындағы Бірсуат ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Жақсылық Дария, «Кербез ару» номинациясымен Сараба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Манарбек Арай номинациялармен марапатталды. Ал жарыстың бас бәйгесін жүлделі І орынды қанжығасына байлап, «Аршалы аруы-2023» атағын жеңіп алған Қостомар ауылының негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әскербек Аймөлдір есімді бойжеткен болды.Сайысқа қатысушылар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.