Волгодоновка ЖОББМ "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында М.Әуезов шығармаларын оқудан "Дәуірдің дара тұлғасы" тақырыбында мектепішілік балалар оқулары байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тукенова Е.Ж. Байқау 2 кезеңнен болды. Бірінші кезеңде 5-8-сынып оқушылары классик жазушының "Жетім" әңгімесі бойынша, 9-11-сынып оқушылары "Қорғансыздың күні"әңгімесі бойынша сұрақтарға жауап берді. Ең көп сұрақтарға жауап берген оқушылар 2-кезеңге өтті. 2-кезеңде оқушылар әңгімелерді ұсынылған жоспар бойынша жан-жақты талдап, пікірлерін ортаға салды. Ерекше ой-пікірлерлерін білдіріп, әңгіме кейіпкерлері іс-әрекеттеріне тың көзқарастарын ұсынған оқушылар марапатталды... Байқаудың мақсаты- оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, тарту. Оқушылардың байқауға белсене, қызыға қатысуынан ұйымдастырушының мақсатына жеткенін көруге болады.
#балаларжылы