Текст
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жанындағы "Қоғамдық келісім"КММ , Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми- сараптамалық топ ұйымдастырған "Мен- Қазақстандықпын!" Эссе байқауының қорытындысы өтті. Байқауға Ш.Уәлиханов атындағы, М.Мырзахметов атындағы жоғары оқу орындары студенттері мен мен колледж студенттері, мектеп оқушылары жұмыстарын жолдаған.
Байқау қорытындысы бойынша Аршалы ауданының Волгодоновка ЖББМ 9-сынып оқушысы Гридюшко Эвелина 1-орын иеленді. Жетекшісі- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сатанова Әсель Серікқызы. Айта кетейік, Гридюшко Эвелина оқушылар арасынан жүлде иеленген бірден бір оқушы.
Эвелина, біз сенімен мақтанамыз!
#балаларжылы