10.04.2026
3 сәуір күні Көкшетау қаласында 10–11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ өтті. Аталған білім додасына мектебіміздің 10 «А» сынып оқушылары Асанұлы Бекбол мен Қабдыбек Медет қатысып,екеуі де жүлделі орындармен оралды:

Қабдыбек Медет — І орын

Асанұлы Бекбол — ІІ орын
Пән мұғалімі: Жаканова Перизат Бахитжановна
Айта кетейік, осы олимпиаданың өңірлік кезеңі 28 қараша күні өтіп, облыстық деңгейде де оқушыларымыз үздік нәтиже көрсеткен болатын:

Асанұлы Бекбол — І орын

Қабдыбек Медет — ІІ орын

Бүлебай Аяулым — ІІІ орын
Мектебіміздің жас математиктерін жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — табандылық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Биік белестерді бағындырып, жетістіктеріңіз еселене берсін!

