Бұл мерекеге орай 4 «А» сынып оқушылары мектеп кітапханасына барып, кітап әлеміне саяхат жасады. Оқушылар әртүрлі шығармаларды қызыға қарап, өздеріне ұнаған кітаптарды таңдады.
Кітапханашы балаларға кітаптың пайдасы мен оны ұқыпты пайдалану туралы айтып өтті. Балалар өзара пікір алмасып, сүйікті кітаптары жайлы ойларымен бөлісті.Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге деген қызығушылығын оятты.