"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемісі
"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемісі

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.

01.04.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.
Биылғы жылы КММ «Константиновка ауылының жалпы білім беретін мектебінде» 1-сыныпқа қабылдау 10 маусымнан 31 тамызға дейін жүргізіледі. Бұл мерзім маусым айында қандай да бір себептермен құжат тапсырып үлгермеген барлық ата-аналар үшін қарастырылған.
Осы жылдан бастап мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілері ата-анасының немесе олардың орнын алмастыратын тұлғалардың өтініші негізінде 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Егер ата-аналар мектепалды даярлықтан кейін басқа мектепті таңдауды қаласа, онда құжаттарды жалпы негізде тапсырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, балалар 1-сыныпқа дайындық деңгейіне қарамастан ата-анасының өтініші бойынша 6 жастан бастап қабылданады.
Қазақстан азаматтарына арналған портал арқылы мектепке қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-ананың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және баланың денсаулық паспорты №052-2/у;
3) 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет.
Анықтама үшін: баланың туу туралы куәлігі (қағаз түрінде құжаттарды тапсыру кезінде деректерді салыстыру үшін жеке ұсынылады), қызмет алушының жеке куәлігі (деректерді салыстыру үшін жеке ұсынылады).
Балаға ерекше инклюзивті жағдайлар қажет болған жағдайда — психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау 3:1 қағидаты бойынша жүргізіледі: алдымен мектептің қызмет көрсету аумағындағы үш өтініш беруші, содан кейін басқа аумақтан бір өтініш беруші қабылданады.
Өтінімдер дүйсенбі мен жұма аралығында, демалыс және мереке күндерін қоспағанда қабылданады.
Просмотров: 5


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст