Текст
17.03.2026
17 наурыз — Шаңырақ күні ✨
Бұл күн — бірлік пен отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн. Шаңырақ — әр үйдің берекесі, татулығы мен жылуының символы.
Наурызнама аясында біз ұлттық дәстүрлерімізді жаңғыртып, мәдениетімізді насихаттауды жалғастырамыз. Бүгінгі челленджде қыздарымыз қазақ және орыс билерін билеп, түрлі мәдениеттің үйлесімін көрсетті. Бұл — достықтың, сыйластықтың және бірліктің айқын көрінісі 💫
Баршаңызды Шаңырақ күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа бақыт, береке және қуаныш тілейміз 🤍
#ШаңырақКүні #Наурызнама #Бірлік #Дәстүр #Наурыз2026