09.02.2026
Бүгін дөңгелек үстел ашық диалог және пікір алмасу форматында өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының негізгі ережелері, құқықтық мемлекет қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасы, сондай-ақ қоғамның конституциялық нормаларды іске асырудағы рөлі қарастырылды.
Педагогтер талқылауға белсенді қатысып, өз көзқарастарын білдірді, педагогикалық тәжірибеден және мектеп өмірінен мысалдар келтірді. Білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу және заңға құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Талқылау барысында білім беру ортасында туындайтын проблемалық жағдайлар және оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен Конституция қағидаттарына сүйене отырып шешу жолдары сөз болды.