Текст
13.01.2026
2026 жылғы 7 қаңтардан бастап мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру мақсатында оқушылардың алақандарын «Алақан мектеп» жүйесіне тіркеу жұмыстары басталды.
Жүйені енгізу:
тамақ алу процесін автоматтандыруға;
оқушылардың тамақтануын нақты есепке алуға;
асханада қызмет көрсетуді жеделдетуге;
тамақтандыру тәртібі мен ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.