27.12.2025
«Жаңа жылдық тарту»
1-4 "А" сынып оқушыларымен өткізілген сынып сағаты. Сынып сағаты, әдеттегідей, 10 минуттық қауіпсіздік сабағымен басталды. Қауіпсіздік сабағында балаларға қысқы демалыста өздерін және туыстарын қандай қауіптен сақтау керектігі түсіндіріліп, жаңа жылдық отшашудың зияны туралы ақпарат берілді. Одан соң жаңа жылдық әндерден, жұмбақтардан, мультхикаялардан тапсырмалар берілді. Жаңа жылдық тәттілер тарту етілді.
Өткізгендер: Ерболат Мендігүл, Абильхайырова С.Б., Байманова Г.С., К. Е. Кенжегулова