Текст
18.11.2025
Елтоқ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінің «Сөз өнері» апталығы аясында Біржікен А.О. ұйымдастыруымен «Сөз мерген» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойынға 7-11 сынып оқушылары қатысып, түрлі тапсырмалар орындады. 4 кезеңнен тұратын сайыс нәтижесінде «Сұңқар» тобы жоғарғы ұпай жинап, жеңіске жетті.