15.11.2025
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері 403017 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»:
«электрондық үкімет» веб-порталы
www.egov.kz (бұдан әрі – портал);
көрсетілетін қызметті беруші;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Көрсету мерзімі – 30 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: – портал арқылы:
ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (келетін мектепке және кететін мектепке);
– көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):
ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (келетін мектепке және кететін мектепке);
құжаттарды қабылдау туралы тіркеу талоны, онда баланың (бар болған жағдайда) ТАӘ, сыныбы, оқыту тілі, мектебі, білім беру ұйымының телефондары мен электрондық мекенжайы (ресми интернет-ресурсы) көрсетіледі (Қазақстан Республикасынан тыс жерге кететін оқушылардан Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуды растайтын құжат ұсынылады).
#госуслугиРК