01.10.2025
Экстернат – білім алушы оқу сабақтарына тұрақты қатыспай, тиісті білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін өз бетінше меңгеретін оқыту нысандарының бірі.
«Экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар тізбесі
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жолмен жүзеге асырылады: «электрондық үкімет» веб-порталы
www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы.
осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық сұрау нысанындағы өтініш;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 026/у нысанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның электрондық қорытындысы – денсаулық жағдайына байланысты білім беру ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін;
барлық оқу кезеңінде оқытылған пәндер бойынша «4» және «5» бағалары бар білім алушылар үшін электрондық үлгерім табельдері;
білім алушы ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын адамдармен бірге шетелге шыққан жағдайда, қызмет алушының ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың шетелде уақытша тұруы туралы электрондық анықтама;
білім алушы ата-аналарсыз немесе оларды алмастыратын адамдарсыз шетелге шыққан жағдайда, қызмет алушының атына ресімделген оның шетелде оқып жатқанын растайтын электрондық құжат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы бұйрықтан үзінді немесе осы мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.