"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемісі
"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемісі

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсын

29.09.2025
 
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі. Регламент «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметінің стандарты негізінде әзірленген, ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт).
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама.
Өтінішті қабылдау қызмет көрсетуші арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст