29.09.2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №462 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы білім бөлімінің «Елтоқ ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді: «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау».
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: – Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы; – «Электрондық үкімет» веб-порталы:
www.egov.kz; –
www.egov.kz порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні. Қызмет берушінің бастамасы бойынша проактивті түрде жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Құжаттар пакетін тапсыру үшін күту уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды. Қызмет алушыны қабылдау уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: – Электронды (ішінара автоматтандырылған); – Қағаз түрінде / проактивті түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін түрде);
Үйде жеке тегін оқытуға қабылдау туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну формасы: электронды және (немесе) қағаз түрінде, проактивті. Порталда қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының «жеке кабинетіне» электронды құжат түрінде жіберіледі және сақталады. Проактивті түрде қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының ұялы нөміріне SMS-хабарлама түрінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға, оның ішінде проактивті түрде тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі: Қызмет беруші: дүйсенбіден сенбіге дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс – 13.00-тен 14.30-ға дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес. Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру уақыты: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс – 13.00-тен 14.30-ға дейін.
Портал /
www.egov.kz сайтында тіркелген ұялы байланыс құрылғысы арқылы – тәулік бойы, техникалық жөндеу жұмыстарына байланысты үзілістерді қоспағанда.