"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемісі
"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемісі

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.

24.09.2025
Мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыбы:
«ЖАУАПТЫ АТА-АНА, ҚОЛДАУШЫ ҰСТАЗ ЖӘНЕ «АДАЛ АЗАМАТ» ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП».
Күн тәртібі:
1. Мектеп пен ата-аналар комитеттерінің бірлескен жұмысының басымдықтары туралы.
2. Сыныптың ата-аналар комитетінің қызметін үйлестіру ерекшеліктері туралы.
3. Сынып ата-аналар комитетінің төрағасы мен активін сайлау туралы.
Мақсат: ата-аналар мен мектеп арасындағы әріптестікті нығайту, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында.
Ата-аналар жиналысы барысында қатысушыларға «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы таныстырылды, ата-аналардың жауапкершілігі еске салынды, мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау маңыздылығы атап өтілді, ата-аналар комитеттері мен педагогикалық қолдау жұмыстары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, баланың қауіпсіздігі және оның ата-аналардың жауапкершілігінен басталатыны туралы, буллингтің алдын алу және баланы осындай жағдайларда қолдау бағдарламасының жұмысы туралы айтылды.
Ата-аналар қауымдастығы «Мектепке жол» республикалық акциясының нәтижелерімен таныстырылды.
 
 
 
 
 
Просмотров: 11


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст