Бүгін "Күншуақ" мектеп жанындағы балалар алаңының мерекелік ашылуы өтті. Балалар көңілді болып, ойындар ойнады, сурет салды және биледі. Біз мерекені дәмді балмұздақпен және көңіл-күймен аяқтадық. Мектеп жанындағы алаң 2 маусымда жұмыс істейтін болады.М
ектеп жанындағы жазғы демалыс алаңының мақсаты мен міндеті:
Мақсаты:
Оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, денсаулығын нығайтуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге жағдай жасау.
Міндеттері: 1. Балалардың бос уақытын мазмұнды және қауіпсіз өткізуін қамтамасыз ету; 2. Танымдық, шығармашылық, спорттық іс-шаралар арқылы тұлғалық дамуына ықпал ету;
3. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, салауатты өмір салтын насихаттау; 4. Ұжыммен жұмыс істеуге, өз ойын еркін жеткізуге және жауапкершілікке тәрбиелеу;
5. Туған елге, табиғатқа, отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру.