«Ерікті» деген аттың өзі белгілі бір істі адамның өз еркімен, ешбіреудің мәжбүрлеуінсіз шын көңілден орындайтындығын білдіреді. Жалпы бұрын қоғамда ерікті не волонтер деген ат болмағанымен, қоғамға пайдасы бар игі істер ерікті түрде орындалып та отырды. Бүгінде бұл еріктілік белгілі бір деңгейде бірізділікке салынып, жұмысы ұйымдастырылған түрде ретке қойылған.
Мектепте еріктілер қозғалысы жақсы дамып келеді. Ең бастысы, оқушылардың ынта-жігері зор. Олар жақсылық әрқашан қайтып келетінін қаперге алып, көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Біздің мектептің өзін-өзі басқару ұйымы оқушылар арасында үгіт-насихат жүргізді.
Олар еріктілердің кім екенін, олардың рөлі қандай екенін айтып, қалғандарын еріктілер қатарына кіруге шақырды.
Ниет білдірушілердің саны жеткілікті болды.
#біртұтас_тәрбие
#волонтеры
#internationalvolunteerday