Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 17 қарашадағы №462 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы білім бөлімінің «Елтоқ ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді: «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау».
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: – Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы; – «Электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz; – www.egov.kz порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні. Қызмет берушінің бастамасы бойынша проактивті түрде жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Құжаттар пакетін тапсыру үшін күту уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды. Қызмет алушыны қабылдау уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: – Электронды (ішінара автоматтандырылған); – Қағаз түрінде / проактивті түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін түрде);
Үйде жеке тегін оқытуға қабылдау туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну формасы: электронды және (немесе) қағаз түрінде, проактивті. Порталда қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының «жеке кабинетіне» электронды құжат түрінде жіберіледі және сақталады. Проактивті түрде қызмет көрсету нәтижесі қызмет алушының ұялы нөміріне SMS-хабарлама түрінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға, оның ішінде проактивті түрде тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі: Қызмет беруші: дүйсенбіден сенбіге дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс – 13.00-тен 14.30-ға дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес. Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру уақыты: сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс – 13.00-тен 14.30-ға дейін.
Портал / www.egov.kz сайтында тіркелген ұялы байланыс құрылғысы арқылы – тәулік бойы, техникалық жөндеу жұмыстарына байланысты үзілістерді қоспағанда. Қызмет алушы жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қызмет берушінің интернет-ресурсында;
www.egov.kz порталында.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізімі:
Қызмет берушіге тікелей жүгінген жағдайда:
Еркін түрде жазылған өтініш;
Үйде оқытуға ұсыныс берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Портал арқылы жүгінген жағдайда:
Еркін түрде жазылған өтініш;
Үйде оқытуға ұсыныс берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды қызмет алушыдан талап етуге жол берілмейді. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету барысында заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді ақпараттық жүйелерден алуға қызмет алушының келісімін алады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
Қызмет алушы ұсынған құжаттар мен ондағы мәліметтердің шынайы еместігі анықталған жағдайда;
Қызмет алушы және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, қызмет алушының шектеулі қолжетімділікке ие жеке деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайда.